Кулинарные Мастер-Классы - Новые видео

Егер сіз шоколадты жақсы көретін болсаңыз, осы пирогты міндетті түрде дайындап көріңіз. Шоколадты пирог. Өте оңай шоколадты пирог. Шоколодный пирог. Шоколадное кухэ. Очень простой рецепт. Бізге керек заттар: 1) Жұмыртқа - 4 дана 2) Қант - 2 стақан 3) Ванильді қант - 15 гр 4) Сұйық май - 200 гр 5) Сүт - 250 гр 6) Какао - 3 ас қасық 7) Ұн - 2 стақан 8) Қопсытқыш - 15 гр Жасалуы: ❗ Алдымен миксердің ыдысына жұмыртқаларды жарып, кейін қант, ванильді қантты қосып миксерлейміз. Жоғары жылдамдықта 5-7 минут миксерлейміз. ❗ Кейін жылдамдықты азайтып сұйық май қосамыз, жылдамдықты көбейтеміз. ❗Тура осылай сүтті қосып, жылдамдықты көбейтеміз. ❗ Миксерді тоқтатып какаоны қосамыз. Жақсылап тағы да миксерлеп аламыз. ❗ Барлығы жақсы араласып болған соң, осы сұйық массадан 1 стақан алып қаламыз.( Ол пирогтың бетіне құйғанға керек болады.) ❗ Кейін қалған сұйық массаға ұнға қопсытқыш қосылған массаны қосып , венчиктің көмегімен араластырамыз. ❗ Диаметрі 28 см формаға құйып, қызып тұрған 180 градус духовкада 30-40 минут пісіреміз. ❗Пирог піскеннен кейін, ыстық күйінде болғанда , бағанағы алып қалған 1 стақан сұйықтықты құямыз. ❗ Пирогтың толық салқындағанын күтеміз. Сұйықтық пирогқа сіңіп кетеді. ❗ Пирог өте дәмді, жұмсақ, биік болып шығады. Сіздерге де дайындап беруге кеңес беремін. Астарыңыз дәмді болсын!! Егер рецепт ұнаса лайк басып пікір қалдырып каналыма тіркеліңіз. #шоколадныйпирог#простойшоколадныйпирог#шоколадтыпирог#қазақшарецепт#шоколпдноекухе